«Жүкті екенін білсем, өлтірмес едім»: Атырауда менеджерді пышақтап өлтірген қылмыскер өмір бойына сотталды

Атырауда NCOC компаниясының менеджерін қатыгездікпен өлтірген 38 жастағы Арман Жетпісов өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Тергеу мәліметінше, бұрын сотталған әрі тұрақты жұмысы жоқ күдікті жәбірленушінің автотұрақ алғысы келетінін білген. Ол құрылыс компаниясынан жеңілдік әперемін деп 400 мың теңге алып, уәдесін орындамаған. Әйел сотқа шағымданбақ болғанда, Жетпісов мас күйде үйіне барып, бірнеше рет пышақ сұғып, зорлық көрсеткен. Кейін оның ақша, алтын әшекей, телефон, көлігін алып қашқан.

Күдікті жол апатына түсіп, Маңғыстауда ұсталған. Оның жанынан марқұмға тиесілі заттар табылды. Келтірілген шығын 13 млн теңгеден асқан. Сот барысында Жетпісов: «Жүкті екенін білсем, өлтірмес едім» деген даулы мәлімдеме жасаған.

Үкімге сәйкес ол жазасын ерекше тәртіптегі түзету мекемесінде өтейді.

Ұқсас жазбалар

Астанадағы ескі вокзалда асхана төбесі опырылды

Астанадағы ескі теміржол вокзалы аумағындағы асханада төбе опырылып, екі адам медициналық көмекке жүгінді.

Ауғанстандағы көшкін салдарынан кемінде бес адам қаза тапты

Ауғанстанның бірнеше провинциясында нөсер жаңбырдан кейін болған табиғи апаттан кемінде бес адам қаза тапты.

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін жариялады. Мемлекет басшысы қызметінен кеткен соң елде мерзімінен бұрын…