Categories Жайық news

Алматы әуежайы 6,8 млрд теңгені акционер емес компанияға заңсыз аударған

Алматы халықаралық әуежайының акционерлер қатарында жоқ компанияға 6,8 миллиард теңге дивиденд төлегені белгілі болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл заңбұзушылықты Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің мамандары анықтаған. Олар әуежайдың қаржылық қызметіне алдын алу бақылауын жүргізу барысында осындай ірі көлемдегі заңсыздықты әшкереледі.

«Акционер мәртебесі жоқ заңды тұлғаға 6,8 млрд теңге сомасында дивиденд заңсыз төленгені анықталды. Бұл стратегиялық нысанның қаржылық тұрақтылығына әсер етіп, оның активтері мен даму әлеуетін төмендеткен», – делінген ведомство хабарламасында.

Тексеріс нәтижесінде заңсыз аударылған қаражат толығымен әуежай балансына қайтарылды. Қаржы министрлігінің мәліметінше, енді бұл ақша әуе айлағын дамытуға, қызмет көрсету сапасын арттыруға және жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Астанадағы А.Байтұрсынұлы көшесі 24-27 сәуірде жабылады

Астанадағы А.Байтұрсынұлы көшесінің бір бөлігі 24-27 сәуірде көлік қозғалысы үшін жабылады.

Щучинск жарылысы: тағы екі күдікті ұсталды, құрбан саны 12-ге жетті

Ақмола облысы Щучинск қаласындағы жарылысқа қатысты тағы екі күдікті ұсталды. Құрбан саны 12-ге жетті.

Павлодарда студенттер қатарластарынан ақша бопсалап, ұсталды

Павлодарда екі студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болып, полицияға ұсталды. Оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.