«Мен айтқанымнан қайтпаймын»: Путин Еуропамен мен Зеленскийге өз жолдауын жеткізді

The New York Times: Путин соғысты тоқтатудың шарттарын тек өзі белгілейтінін ашық білдірді

Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысты тоқтатудың шарттарын тек Мәскеу айқындайтынын көрсетіп отыр. Бұл туралы The New York Times хабарлады.

Басылым мәліметінше, Путин Ресейдің майдандағы артықшылығы артып келе жатқанына сенімді. Кремльге жақын дереккөздер оның басты мақсаты – Киевті Ресейдің әскери күшіне қарсы тұрудың мәнсіз екеніне көз жеткізу екенін айтады.

«Путиннің Украинаға, Еуропаға және АҚШ президенті Дональд Трампқа жолдауы айқын: «Мен айтқанымнан қайтпаймын». Ресей басшысы Киевтің еуропалық одақтастары Украина аумағына әскер орналастыруды көздесе, қауіп төнетінін ескертті. Сонымен бірге Мәскеу келіссөзге дайын екенін айтқанымен, Путин Трампқа өзінің негізгі талаптарынан бас тартпайтынын білдірді», – деп жазады NYT.

Ұқсас жазбалар

Сегодня в Казахстане отмечают День армейской авиации

Фото:gov.kz Сегодня, 29 декабря 2025 года, в Казахстане празднуется День армейской авиации. Профессиональный праздник ведёт…

Бүгін Қазақстанда Әскери авиация күні аталып өтуде

Сурет:gov.kz Бүгін, 29 желтоқсан 2025 жыл, Қазақстанда Әскери авиация күні мерекеленіп жатыр. Кәсіби мереке 1992…

БҚО-да спорт саласының үздіктері анықталды

Сурет:БҚО Әкімдігі Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Жалын – 2025» атауымен үздік…