Categories Жайық news

Оралда дарынды балаларға арналған жаңа мектеп-лицей ашылды

Оралда дарынды балаларға арналған жаңа мектеп-лицей ашылды,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз тілшісі.

Орал қаласында 2 қазан күні №8 облыстық мамандандырылған мектеп-лицейдің жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылды. Бұл білім ордасы 1952 жылы салынған апатты жағдайда болған бұрынғы мектептің орнына тұрғызылып отыр. Жаңа мектептің ашылуы – өңірдегі білім беру инфрақұрылымын жаңарту жолындағы маңызды қадам.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асқан. Президенттің бастамасы еліміздің барлық өңірінде балаларға сапалы білім алуға тең мүмкіндік беру, оқу процесін заманауи стандарттарға сәйкестендіру және ауыл мен қала арасындағы білім беру сапасы айырмасын қысқарту мақсатын көздейді.

Аталған мектеп-лицейдің құрылысына арнайы мемлекеттік қордан 2,8 млрд теңге бөлінген. 400 оқушыға арналған жаңа ғимарат кең әрі жарық сыныптармен, интерактивті тақталармен, заманауи зертханалық құрал-жабдықтармен және спорттық залдармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған үйірмелер мен қосымша білім беру орталықтары да жұмыс істейтін болады.

Білім басқармасының дерегінше, жаңа мектептің ашылуы қаладағы оқушы орындарының тапшылығын азайтады. Бұрын оқушылар ескі әрі тар сыныптарда оқыса, енді олар жаңа ғимаратта жайлы жағдайда білім алады. Бұл – педагогтердің де кәсіби дамуына, оқу-тәрбие процесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

сурет: zakon.kz

Ұқсас жазбалар

Орал қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Сурет: Орал қ. Әкімдігі Бүгін Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық…

В Уральске в рамках экологической акции «Таза Қазақстан» проведены разъяснительные работы

Фото:Акимат г. Уральск Сегодня в областном центре Западно-Казахстанской области — городе Уральск — в рамках…

100% трудоустройство: как Ozge Epic Oral готовит востребованных аниматоров

Фото:Акимат г. У В марте текущего года в Уральске при поддержке корпоративного фонда Samruk-Kazyna Trust,…