Categories Қаржы

Қазақстанда телефон мен SIM-картаны ресми рәсімсіз беруге тыйым салынды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстанда мобильді нөмірлер мен телефон құрылғыларын пайдалануға қатысты жаңа заң ережелері күшіне енді. Енді телефонды немесе SIM-картаны басқа адамға ресми түрде қайта рәсімдемей беру заңсыз болып саналады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа талаптар бойынша, егер азамат өз нөмірін немесе смартфонын басқа адамға тұрақты қолдануға бергісі келсе, оны міндетті түрде оператор базасында қайта тіркеуі қажет. Яғни, енді телефонды туысқа беру немесе SIM-картаны досқа беру ресми рәсімсіз мүмкін емес. Бұл шара құрылғы мен нөмірдің нақты кімге тиесілі екенін анық көрсету үшін енгізілген. Себебі бұрын кей жағдайларда телефон бір адамның атына тіркеліп, оны басқа адам қолданатын, бұл құқық бұзушылықтарды тергеуді қиындататын.

Жаңа заңның басты мақсаты – телефон арқылы жасалатын алаяқтықты азайту. Енді ұйымдардан (банктер, мемлекеттік мекемелер, компаниялар) келетін қоңыраулар арнайы тексеріліп, экранда «расталған ұйым» деген белгімен көрсетіледі. Бұл адамдарға күмәнді және ресми емес қоңырауларды бірден ажыратуға көмектеседі.

Реформа тек абоненттерге ғана емес, цифрлық инфрақұрылымға да әсер етеді. Енді ірі дата-орталықтар стратегиялық объектілер қатарына енгізіледі. Сонымен қатар, энергия жүйесін дамыту үшін «70/30» атты жаңа экономикалық модель енгізілмек. Бұл модель дата-орталықтар мен майнинг компанияларының тұрақты электр тұтынушы ретінде қатысуын қарастырып, энергетика саласына инвестиция тартуға бағытталған.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанға шетелден көлік әкелу және оны рәсімдеу тоқтатылды

Қазақстанда шетелден әкелінген жеңіл автокөліктерді кедендік рәсімдеуде қиындықтар туындады. Бұл мәселе 30 маусым күні кешкі…

Қазақстанда жерлеу рәсімдерінің құны 7,1%-ға өсті

Қазақстанда 2026 жылдың бірінші тоқсанында жерлеу рәсімдерінің құны 7,1%-ға өсті, ең жоғары өсім Ақтөбе облысында…

«Қазақмыстан» 2,1 млн теңгенің қорғаныс құралын жымқырған қызметкер сотталды

«Қазақмыс» компаниясының қауіпсіздік қызметі корпоративтік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жүйелі…