23 жастағы австралиялық ChatGPT көмегімен 60 жылдық ғылыми жұмбақтың шешімін тапты

Австралиялық 23 жастағы жігіт 60 жыл бойы ғалымдардың мазасын алып келген күрделі есепті ChatGPT арқылы шешіп тастады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Лиам Прайс есімді жас зерттеуші GPT-5.4 Pro нұсқасын қолданып, бұрын ешкімнің қолы жетпеген математикалық есептің жауабын тапты. Бұл есеп ғылым әлемінде ондаған жылдар бойы шешілмей келген болатын.

«Мен бірнеше сағат бойы ChatGPT-мен диалог жүргізіп, алгоритмді дұрыс бағытта құрдым. Нәтижесінде нейрожелі мені күтпеген шешімге әкелді», – дейді Лиам Прайс.

Ғалымдар бұл жаңалықты жасанды интеллекттің ғылыми зерттеулердегі рөлінің арта түскенінің айғағы деп бағалап отыр. Енді бұл әдіс басқа да күрделі есептерді шешуге жол ашады.

Ұқсас жазбалар

Демалыс күндері 41 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер 20-21 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Демалыс күндері ауа райының өзгеруі атмосфералық фронттардың…

Қазақстан мен Черногория президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы мен Черногория президенті шағын құрамда келіссөз өткізді.

Жанабыловтерден тәркіленген 8 автокөлік сатылымға шығарылды

Блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс бойынша тәркіленген көліктер электронды сауда алаңына шығарылды.