Categories Жайық news

Қарттар күніне орай тыл ардагеріне құрмет көрсетілді

1 қазан – Қарттар күніне орай мұнай саласының дамуына елеулі үлес қосқан, тыл ардагері Мұқанов Сәлімгерей Әбілхайырұлына арнайы барып, құрмет көрсетілді.

Салтанатты кездесу барысында ардагердің ел игілігіне сіңірген еңбегі ерекше аталып өтті.
Сіздер салып кеткен сара жол – біз үшін бағыт-бағдар. Өмірлік тәжірибелеріңіз, көрегендіктеріңіз бен парасатты ойларыңыз бізге қашанда рухани демеу, өшпес өнеге болып қала береді. Қарттарға, жалпы еңбек ардагерлеріне деген құрметіміз бен алғысымыз әрқашан шексіз, – делінген құттықтауда.

Іс-шараға қалалық мәслихат төрағасы Бейбіт Мырзағалиев, қала әкімінің орынбасары да қатысып, ардагерге ізет көрсетті. Ақсақал ілтипатқа ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Ұқсас жазбалар

Тоқаев әскердегі сарбаздардың қазасына байланысты Бас прокурорға тапсырма берді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскерде қаза болған жас сарбаздардың ата-аналарынан түскен арыз-шағымдарды қарауды Бас прокурорға…

Оралда Арман шағынауданында жол құрылысы қарқынды жүргізілуде

Қала әкімдігінің жоспарына сәйкес биыл Арман шағынауданында төрт көшеге жаңа жолдар салу жұмыстары басталды. Аталған…

Менің Оралым

Батыс Қазақстанның жүрегінде орналасқан Орал қаласы – тарих пен заманауи өркениет тоғысқан ерекше мекен. Еуропа…