Categories Жайық news

Азия чемпионаты: Қазақстандық велошабандоздар Филиппинде үш медаль жеңіп алды

Филиппиннің Тайгатай қаласында өтіп жатқан велотректен Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы сәтті өнер көрсетіп, қоржынға үш бірдей жүлде салды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Әйелдер арасындағы жекелей қуу сынында Рината Сұлтанова үздік үштікке еніп, ел қоржынына қола медаль сыйлады.

Ал ұпай саны бойынша топтық жарыста Әлішер Жұмақанов екінші орыннан көрініп, күміс жүлдегер атанды.

Сондай-ақ Рамис Дінмұхаметов пен Илья Карабутов жұбы мэдисон бағдарламасы бойынша жарысып, олар да күміс медальді мойындарына тақты.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Есірткі тасымалдағаны үшін іздеуде жүрген әйел Қазақстанға қайтарылды

Ірі көлемде есірткі контрабандасы мен оны өткізгені үшін сотталған әйел Қырғызстаннан Қазақстанға экстрадицияланды.

Астанада кәсіпкерден 80 млн теңге бопсалаған адвокат ұсталды

Астанада құрылыс компаниясының басшысынан 80 млн теңге бопсалаған адвокат пен оның серігі ұсталды.

Ақсу маңындағы понтон көпір қайта суға батты

Ақсу қаласының маңындағы Көктас ауылында понтон көпір қайта суға батып, төрт ауыл тұрғыны көпірсіз қалды.…