Categories Спорт

Жәнібек Әлімханұлы рингке оралатынын мәлімдеді

Сурет: Egemen Qazaqstan

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегіне дайындық барысымен бөлісті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық боксшы Instagram-парақшасында рингке оралуға дайындық жасап жатқандағы видеосын жариялады.

«Дайындық қызу жүріп жатыр! Барлығы сәтті болса, рингке бұрынғыдан да мықты болып ораламыз және әлемді тағы да дүр сілкіндіреміз! Көк туымызды көкке көтеріп, абыройымызды асқақтатамыз!», деп жазды Жәнібек жеке парақшасында.

Өткен жылдың соңында Әлімханұлының допинг сынамасынан мельдоний табылған соң үлкен дау шықты. 2026 жылдың қаңтарында В сынамасын ашу нәтижесінде бұл ақпарат ресми түрде расталды.

Кейінірек Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) қазақстандықты бір жылға, 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін жарыстан шеттететінін мәлімдеді. Алайда WBO белбеуі Әлімханұлының еншісінде қалды.

Дегенмен, 10 наурызда қазақстандық боксшы IBF белбеуінен айырылды, ал 13 сәуірде оның есімі ресми түрде ұйым рейтингісінен шығарылды.

Ұқсас жазбалар

Дмитрий Патанин Азия чемпионатында сегізінші орын алды

Қытайда өтіп жатқан Азия чемпионатында Дмитрий Патанин еркін жаттығулар бойынша сегізінші орын алды.

Назым Қызайбай Қытайдағы Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Қытайда өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде финалға жолдама алды.

Парагвайдан жеңілген Түркия плей-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылды

Парагвай құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Түркияны 1:0 есебімен жеңді. Матиас Галарса жалғыз голды соқты.