Қазақстан тарихының жеті томдық академиялық еңбегінің бір томы Алтын Ордаға арналды

Сурет: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін айқындайтын рәміздердің ерекше маңызын атап өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қазақстанның өркениетті әрі озық ойлы ұлт ретінде өзіне сенімді болуы керектігін жеткізді. «Біз өркениетті әрі озық ойлы ұлт ретінде өзімізге сенімді болуымыз керек. Ешкімге жалтақтамай батыл әрекет етуіміз қажет. Бұдан басқа жол жоқ. Мақсаты айқын, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарымыз мемлекет тағдырына жауапты екенін терең түсінеді. Олар еріктілер қатарына қосылып, қайырымдылық жасап, маңызды бастамаларды табысты іске асырып жүр. Нағыз отаншыл адам көзбояушылыққа бармайды, шын патриот ел мүддесі үшін табанды еңбек етеді. Жасампаз отаншылдық дегеніміз де – осы», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент мемлекет үшін қысқа мерзімді емес, ұзақ мерзімді даму маңызды екенін айтты. «Мемлекет үшін бір күннің қамы емес, болашақтың жайы маңызды. Сондықтан біз Абайдың ұлағатына сай «ақырын жүріп, анық басамыз». Ұлт мүддесін бәрінен биік қойып, алысқа көз тігеміз. Төл тарихымызға құрметпен қарап, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға баса назар аударамыз. Бұл бағытта белсенді жұмыс істелуде. Жошы хан жерленген Ұлытау аймағына облыс мәртебесі берілді. Елімізде Жошы ұлысын зерттеу институты құрылды. Біз бұл мекеменің ғылыми әлеуетін күшейте береміз. Көп ұзамай Қазақстан тарихының жеті томдық академиялық еңбегі жарыққа шығады. Оның бір томы түгелдей Алтын Орда тақырыбына арналды», деді Мемлекет басшысы.

Ұқсас жазбалар

Синоптиктер 6 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады

Қазақстанның басым бөлігінде 6 шілдеде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Солтүстік және шығыс өңірлерде найзағай мен…

Полицияға үш күнде 2400-ден астам жасөспірім жеткізілді

1-3 шілде аралығында бірнеше өңірде балалар қауіпсіздігіне бағытталған профилактикалық іс-шаралар өтті. Полицияға 2400-ден астам жасөспірім…

Алматы тауларында жарақат алған 18 жастағы турист қыз құтқарылды

Үлкен Алматы көлі маңында 2300 метр биіктікте 18 жастағы турист қыз аяғын жарақаттап, құтқарушылар көмек…