Қазақстанда 13-15 маусымда ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі

Сурет: istockphoto.com

Қазақстан аумағында алдағы демалыс күндері күн райы құбылмалы болады. «Қазгидромет» синоптиктері маусымның 13-і мен 15-і аралығына арналған ресми болжамды жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздің басым бөлігіне атмосфералық фронтальды бөліністер әсер етіп, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Сондай-ақ алдағы күндері бірнеше облыста жауын-шашын мөлшері нормадан асып, соңы дауылға ұласуы мүмкін.

13 және 15 маусымда Қостанай облысында, ал 15 маусым күні Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында жауын-шашын күтіледі. 15 маусымда елдің оңтүстік-батысында, сондай-ақ үш күн бойы солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде бұршақ жауып, жел күшейеді деп болжанған.

Сонымен қатар синоптиктер бірнеше аймақта ауа температурасының күрт көтеріліп, өте ыстық болатынын болжап отыр. Үш күн бойы (13-15 маусым) Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында, 14 және 15 маусым күндері Қарағанды, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында, 15 маусымда Атырау облысында сынап бағанасы +35…+38 градусқа дейін жетеді.

Еске сала кетейік, «Қазгидромет» ұсынған болжамға сәйкес, маусым және тамыз айлары әдеттегіден ыстық болады. Қазақстан аумағында ауа температурасы климаттық нормадан 1-2 градусқа жоғары болуы мүмкін. Елдің оңтүстігінде кей күндері ауа температурасы +45 градусқа дейін көтеріледі.

Ұқсас жазбалар

Шри-Ланка түрмесіндегі қақтығыстан 25 адам қаза тапты

Шри-Ланка астанасы маңындағы түрмеде болған қақтығыстан кемінде 25 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жарақат…

Алматыда күдікті ер адам ұсталып, полицияға тапсырылды

Алматының Түрксіб ауданында күдікті ер адам ұсталды. Тінту кезінде оның жанынан ұнтақ тәрізді зат салынған…

Қазақстанда 7-9 шілдеде 40 градусқа дейін ыстық болады

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамынша, 7-9 шілде аралығында Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы өзгермелі болады.