«Ажырассам да,ақша беріп тұрдым» Дариға Бадықова бұрынғы күйеуі туралы айтты

Танымал қазақстандық актриса әрі продюсер Дариға Бадықованың бұрынғы жұбайы Дархан Мұсаевтың журналистке берген сұхбаты әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырды.

Актриса өзінің ресми парақшасында бұрынғы күйеуінің сұхбаттағы сөздерін жоққа шығарып, оның айтқандары шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

 «Менің өз шындығым бар. Өтірік бақытты адамның кейпін танытқанмын. Елдің адамымын ғой деп көп нәрсені ашып айтпадым. Бекер жасаған екенмін», – деп жазды Бадықова.

 

Оның айтуынша, некеде жүрген жылдары шынайы бақыт болмаған, ал ұзақ уақыт бойы олар тек формальды түрде бірге тұрған.

 «Өтірік менің күйеуім болғандай кейіп танытпасын. Өтірік әңгімелері мені шаршатқан. Еркек басымен ‘жертво’ болып отыр. Мен ажырасып кеткелі біраз уақыт болды. Артысып-тартысып бір үйде жай тұрып жаттық», – деді продюсер.

 

Бадықова ажырасқаннан кейін де бұрынғы жұбайына материалдық тұрғыдан қолдау көрсеткенін жасырмады.

 «Кеткен әйел қашан да жаман. Өзім әйел еркек болудан шаршадым. Қырық өтірігін бөсіп отыр. Әлі істейтін ісі жоқ екен. Тамақ, киім қайдан келіп жатқанын білмейтін», – деп атап өтті актриса.

 

Ол достарының кеңесімен ғана бұрынғы күйеуіне қаржылай көмекті тоқтатқанын айтты.

Ұқсас жазбалар

Үлкен Алматы каналы кешенді реконструкциядан өтеді

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алматы облысына жұмыс сапарымен барып, ірі су шаруашылығы…

Астана күнінде 60 қосымша автобус жолаушыларға қызмет көрсетеді

6 шілде күні Астанада өтетін Open Air концертінен кейін тұрғындар мен қала қонақтары үшін 60…

Алматының бірнеше ауданында электр жарығы апатты жағдайда өшірілді

Алматының бірнеше ауданында электр энергиясы апатты жағдайда өшірілді. «Алатау жарық компаниясы» мәліметінше, алғашқы өшіру сағат…