Categories Жайық news

Алматы облысында қарақшылар 8 жылқыны атып, етін алып кеткен

Алматы облысында белгісіз қарақшылар үйір-үйір жылқыны мылтықпен атып, адамдардың малын баудай түсірді. Ең сорақысы — полиция оқиға орнына сегіз сағат өткен соң ғана жеткен, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қанды оқиға Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Бәйдібек би ауылының маңында болған. Қожалық иесі Қизат 43 жылқыны кешке қора маңына әкелген. Бірақ түн ішінде мылтықпен қаруланған ұрылар төрт жылқыны атып өлтіріп, етін сойып алып кеткен. Тағы төрт жылқы оқ тиіп, жаралы күйінде қалған.

«Түнгі 18:00-де жылқыны әкеліп, сиыр мен қойға шөп беруге кеткенмін. Қайтып келсем, жылқыны жол бойына қууға алып шығып, оқ жаудырыпты. 4 жылқыны сойып, тек етін алып кетіп, терісі мен басын тастап кеткен. Қалған төртеуі қансырап, қорада тұр», — деді Қизат.

Ауыл халқы полицияны келесі күні таңғы сағат 11-де шақырған. Алайда жедел тергеу тобы кешкі 18:00 шамасында ғана жеткен. Куәгерлердің айтуынша, тәртіп сақшылары тергеуге аса құлық танытпаған.

«Тергеушілер қараңғы түскенде ғана келіп, түсініктеме жазғызумен әлек болды. Ұрылардың артында қалған оқ, темекі тұқылы мен ыдыс секілді айғақтар болды. Бірақ олардың қимылын байқамадық. Жылқымыздан айырылып, мал бағуға да қорқатын болдық», — деді шаруашылық иесі.

Қарақшылардың бұл әрекеті бүтін ауылды сескендіріп қойды. Халық малын жайылымға шығаруға қауіптеніп отыр. Ал тергеу органдары оқиға бойынша нақты қадам жасамаған.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by Zhaiyqmedia.kz (@zhaiyqmedia)

Ұқсас жазбалар

БҚО-да қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей жол апатынан қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатынан…

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлына санавиация жіберуді сұрайды

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлын санитарлық авиациямен тасымалдауға көмек сұрап, үндеу жариялады. Бала бесінші қабаттан…

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол 532 мың теңгені аудармай, 9,8…