Categories Әлем

Германия билігі зейнет жасын 70-ке дейін көтеруді ұсынды

Сурет: istockphoto.com

Германияда зейнетке шығу жасын 70 жасқа дейін біртіндеп көтеру ұсынылды. Бұл бастаманы ел канцлері Фридрих Мерц қолдап отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Реформа 2090 жылға дейін кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ. Жоспар аясында мерзімінен бұрын зейнетке шығу мүмкіндігін алып тастау және арнайы мемлекеттік инвестициялық қор құру көзделген.

Жаңа жүйе бойынша, қорға азаматтардың міндетті жарналары есебінен жыл сайын кемінде 30 миллиард еуро аударылып отырады. Кейін бұл инвестициялардан түсетін табыс зейнетақы төлемдерін қаржыландыруға жұмсалады.

Фридрих Мерцтің айтуынша, бұл шаралар халықтың қартаюы жағдайында зейнетақы жүйесіндегі дағдарыстың алдын алып, жастарға түсетін қаржылық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Германия билігі ауқымды реформаны биылғы жылдың соңына дейін парламент арқылы қабылдауды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта Германия тұрғындары 66 жасында зейнетке шығады.

Айта кетейік, елімізде зейнет жасы ерлер үшін 63 жас, әйелдер үшін 61 жас болып бекітілген.

Ұқсас жазбалар

Қырғызстанның экс-қауіпсіздік басшысы 4 жылға сотталды

Қырғызстанның бұрынғы ҰҚМК төрағасы Камчыбек Ташиев 4 жылға сотталды, бірақ пробациялық бақылауға байланысты түрмеде отырмайды.

ІІМ: 2024 жылдың алты айында 7 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін, 15 зертхана мен 6 қылмыстық топтың…

Қытайдағы қазақ дәрігер «1 шілде» орденімен марапатталды

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығына арналған салтанатты шарада қазақ дәрігер Оқас Сүлеймен «1 шілде»…