Кәріз құдығына түсіп кеткен жұмысшы қаза тапты: Саумалкөлдегі трагедия

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының орталығы Саумалкөл ауылында кәріз жүйесін жөндеу кезінде жұмысшы құдыққа түсіп, мерт болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 15 наурыз күні болған. 1974 жылы туған ер адам канализация құдығын тазалап жатқанда, ішіне құлап кеткен. Құтқарушылар оны дереу алып шыққанымен, алғашқы көмек көрсету кезінде жұмысшының көз жұмғаны анықталды.

«Марқұмның денесінде ешқандай жарақат болмаған. Сараптама нақты өлім себебін анықтайды», — деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілі.

Қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мамандар қауіпсіздік ережелерінің сақталғанын тексереді.

Ұқсас жазбалар

Астанада 85 жылдағы ең ыстық күн тіркелді

23 маусымда Астанада ауа температурасы рекордтық деңгейге көтеріліп, соңғы 85 жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткішке…

Астанада екі лифтіні бүлдірген ер адам ұсталды

Астанада полиция тұрғын үй кешендерінің бірінде екі лифтіні бүлдірген 34 жастағы ер адамды ұстады. Оқиға…

Денсаулық сақтау министрлігі Ербаян Мұхтардың өлімінің себебін атады

Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық ұланның бұрынғы әскери қызметшісі Ербаян Мұхтардың қайтыс болуына байланысты оның отбасы…