Categories Ақорда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар!

Астана күні құтты болсын!

Биыл бұл мереке Домбыра күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның символдық мәні зор. Қазақтың қасиетті қара домбырасы Ұлы даланың мыңжылдық бірегей мәдени мұрасын әйгілейді. Ал елордамыз Қазақстанның тұрақты әрі қарқынды өсіп-өркендеуін және жасампаз ұлттың жарқын болашаққа ұмтылысын айшықтай түседі.

Бүгінде Астана – еліміздің қоғамдық, саяси және іскерлік ордасы. Дәл осы жерде халқымыздың болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданады, озық идеялар іске асырылып, биік мақсаттар орындалады. Мұнда білімпаздық пен еңбекқорлық құндылықтары берік орнығып, жұртымыздың ынтымағы мен келісімі нығая береді.

Астана Орталық Еуразияның жауһары, заманауи Қазақстанның келбеті саналады. Халықаралық қауымдастық бас қаламызды бітімгершілік бастамаларды жүзеге асырып, жаһандық диалог орнату ісінде ерекше рөл атқаратын бейбітшілік шаһары ретінде біледі.

Елордамыз әрдайым түбегейлі өзгерістер мен ауқымды реформалардың бастауында тұрады. Алдағы уақытта да Астанамыз Әділетті, Таза және Қуатты Қазақстанды құру жолындағы жалпыұлттық жаңғыру жұмыстарына ұйытқы бола береді деп сенемін.

Сүйікті қаламыз өркендеп, гүлдене берсін!
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

t.me/aqorda_resmi

Ұқсас жазбалар

Үш апта бойы әлеуметтік азық-түлік бағасы тұрақтанды: Үкімет не істеді?

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағалары үш аптадан бері тұрақтанды. Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бұл…

Астанада Құрбан айтта құрбандық шалуға 9 арнайы орын бөлінді

Астанада Құрбан айтта құрбандық шалуға арналған 9 арнайы орын белгіленді. Мереке 27-29 мамыр аралығында өтеді.

SIM-карта мен аккаунтыңызды бөгдеге берсеңіз, не болады? ІІМ ескертеді

ІІМ азаматтарды әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі аккаунттар мен SIM-карталарды үшінші тұлғаларға бермеуге шақырады. Бұл қылмыстық…