185 мектеп оқушысы «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты

«Таза Қазақстан» акциясы аясында еліміздегі 185 Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке шығып, қоршаған ортаны тазартуға атсалысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оқушылар мектеп аулаларын, саябақтар мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазартып, ағаш көшеттерін отырғызды. Акцияға қатысушылардың айтуынша, бұл бастама жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға ықпал етеді.

«Біз табиғатты қорғау – әркімнің парызы екенін түсінеміз. Осындай шаралар біздің бойымызда жауапкершілік сезімін оятады», – дейді оқушылардың бірі.

«Таза Қазақстан» акциясы еліміздің барлық өңірінде жалғасып жатыр. Келешек мектептерінің оқушылары бұл бастаманы жыл бойы қолдауды жоспарлап отыр.

Ұқсас жазбалар

Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айтты: Қытайдағы шахта апатынан қаза тапқандар саны 47-ге жетті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай төрағасы Си Цзиньпинге Шаньси өлкесіндегі шахта апатынан қаза тапқандарға көңіл айтты. 47…

Нью-Йорктегі зауыттағы жарылыстан 16 адам зардап шекті

Нью-Йорктегі кеме жөндеу зауытында жарылыс салдарынан 16 адам зардап шекті.

Алматы тауында адасқан турист: үш күн байланыссыз жүріп, аман қалды

Алматы облысында тауға шығып, үш күн бойы байланыссыз қалған турист құтқарылды. Ол 20 мамыр күні…