Categories Жайық news

143 мың теңге: 2025 жылы қазақстандықтардың орташа зейнетақысы қандай болатыны белгілі болды

Қазақстанда 2025 жылы зейнетақының орташа мөлшері 143 143 теңгені құрайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. Ведомствоның дерегінше, бұл – базалық және ынтымақты зейнетақыны қосқандағы жиынтық сома.

«2025 жылы жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 143 теңге болады. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы – 95 549 теңге, ал базалық зейнетақы – 47 594 теңге», – делінген ресми хабарламада.

Жыл қорытындысы бойынша, еліміздегі зейнеткерлердің саны 2,5 миллион адамға жеткен. Оларға зейнетақы төлеу үшін республикалық бюджеттен 4,5 триллион теңге жұмсалды. Бұл қаражаттың 1,4 триллион теңгесі базалық, ал 2,9 триллион теңгесі ынтымақты зейнетақыға бағытталды.

Сонымен қатар министрлік 2026 жылы бюджеттен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 10%-ға артатынын атап өтті.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Астанада көпқабатты үйден 28 өрт сөндіру түтігін ұрлаған ер адам ұсталды

Астанада көпқабатты үйден 28 өрт сөндіру түтігін ұрлаған ер адам ұсталды. Күдікті кінәсін мойындады.

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қала болды

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қала атанды. Шэньянда өткен халықаралық конференцияда келісімге қол қойылды.

БҚО Қытай инвесторларына жаңа мүмкіндіктер ұсынды 

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Қытайға іссапары аясында Ляонин провинциясының әкімшілік орталығы – Шэньян…