Categories Жайық news

2026 жылдан бастап БЖЗҚ зейнетақысы 5 пайызға өседі

2026 жылдың басынан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін зейнетақы 5 пайызға көбейеді. Бұл өзгеріс бұрыннан төлем алып жүрген зейнеткерлерге қатысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Жаңадан зейнетке шығатын азаматтарға зейнетақы төлемі келесідей есептеледі: жинақталған сома 6,5 пайызға өсіріліп, 12 айға бөлінеді. Ал келесі жылдары бұл сома жыл сайын 5 пайыздық индекстеу арқылы арттырылады.

Ай сайынғы төлемнің ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан кем болмауы тиіс. 2026 жылы бұл шамамен 50 851 теңгеге тең болады. Жоғарғы шек белгіленбеген – ол әр адамның жинақ көлеміне байланысты есептеледі.

Мемлекет әлеуметтік жағынан осал азаматтар үшін қосымша коэффициенттер қарастырған. Олар – I және II топтағы мүгедектер, сондай-ақ кемінде бес жыл жарна төлеген зейнеткерлер.

«Егер адам осы екі санаттың екеуіне де кірсе, ең жоғары коэффициент қолданылады», — делінген ресми ақпаратта.

Зейнетақы төлемі зейнеткердің шотындағы қаражат толық сарқылғанға дейін жалғасады. Жинақталған қаражат азаматтың жеке меншігі болып қала береді және заң бойынша мұрагерлеріне беріледі.

Ұқсас жазбалар

ОБЛЫС ӘКІМІ МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУЫН ЖЕТКІЗДІ

Жеңіс күніне орай облыс әкімі Нариман Төреғалиев майдангерлердің шаңырағында болып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерекелік…

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР БАТЫРЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

Бүгін өңір тұрғындары Жеңіс алаңына жиналып, Отан үшін от кешкен батырлардың рухына тағзым етті. Мәңгілік…

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде…