БҚО әкімі Н.Төреғалиев балаларды мерекелерімен құттықтады

Құрметті балалар, ата-аналар және ұстаздар!

Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – балалардың күлкісі мен шаттығы, олардың бақытты балалық шағы мен жарқын болашағы үшін жауапкершілікті сезінетін ерекше мереке. Балалар – біздің елдің ертеңі, тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі. Сондықтан олардың амандығы мен бақыты – барша қоғамның басты мақсаты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауында: «Бала – бауыр етіміз. Олар – еліміздің ертеңі. Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді әрі жан-жақты болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» деп атап өтті.
Батыс Қазақстан облысында балалардың жан-жақты дамуы мен құқықтарын қорғау бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда. Облысымызда балаларға арналған мәдени және спорттық іс-шаралар, білім беру жобалары ұйымдастырылып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.
Қымбатты балалар!
Сіздерге ашық аспан, шат күлкі, зор денсаулық пен жарқын болашақ тілеймін. Армандарыңыз асқақ, қадамдарыңыз нық болсын! Білімге деген ынталарыңыз артып, үлкен жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспін.
Ата-аналар мен ұстаздарға да айтар алғысым шексіз. Сіздердің мейірімдеріңіз бен еңбектеріңіздің арқасында балалар тәрбиеленіп, болашаққа сеніммен қадам басуда.
Мереке құтты болсын! Әрбір отбасыда шаттық пен береке орнасын!

Ұқсас жазбалар

8 мамырда найзағай ойнап, бұршақ жауады: ауа райы ескертуі

8 мамырда Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Астана мен Оралда күндіз жаңбыр күтіледі.

Қазақстан әскері әлемдік рейтингте 58-орынға тұрақтады

Қазақстан армиясы әлемдік әскери қуат рейтингінде 58-орынға ие болды. Global Firepower 2026 сараптамасында 145 елдің…

Астанада төрт автобус аялдамасы уақытша жабылды: себебі неде?

Астанада төрт автобус аялдамасы жол жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылды. City Transportation Systems компаниясы бұл…