Categories Спорт

Қазақстандық дзюдошы кадеттер арасында әлем чемпионы атанды

Қазақстан құрамасы дзюдодан Софияда (Болгария) өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды ZhaiyqMedia.kz ақпарат порталы.

Ернұр Батырғали Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

Дзюдошы 60 келіге дейінгі салмақта үздік атанды. Шешуші кездесуде Батырғали Тәжікстан құрамасының өкілі Лоик Кудбудиновты жеңді.

Еске салсақ,  бұған дейін әлем чемпионатында Арман Мыса (50 келіге дейін) үшінші орын алған еді. Ал Мұхаммедәлі Жылқайдар Софияда финалда жеңіліп қалды. Ресей спортшысы Рахим Хамхоевке жол беріп, күміс жүлдеге ие болды. Сол салмақ дәрежесінде Ролан Қайрғали канадалық Анечка Матиды жеңіп, жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді. Осылайша, ұлттық құрама қоржынында төрт жүлде бар.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан джиу-джитсу құрамасы Парижде 23 медаль олжалап, екінші орынға тұрақтады

Қазақстан джиу-джитсу құрамасы Париждегі халықаралық Гран-приде 23 медаль жеңіп алып, командалық есепте екінші орынға тұрақтады.

Ришат Хайбуллин Қытайда өткен Азия жағажай ойындарында қола жүлде алды

Қазақстандық спорттық скалолазу шебері Ришат Хайбуллин Қытайда өткен Азия жағажай ойындарында қола медаль жеңіп алды.

«Тоттенхэмнің» бұрынғы директоры Қазақстан футбол федерациясын басқарады

Қазақстан футбол федерациясына жаңа бас хатшы тағайындалды. Бұл лауазымға «Тоттенхэмнің» бұрынғы директоры Скотт Энтони Мунн…