Categories Жайық news

Дипфейкке қатысты пәтуа шықты: ҚМДБ қатаң тыйым салды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) жасанды интеллект арқылы жасалатын дипфейк технологиясын әзірлеуге және қолдануға қатысты арнайы пәтуа шығарды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Дипфейк – бұл жасанды интеллект көмегімен жасалған, шындықтан аумайтын фото, аудио және видеоматериалдар. Діни басқарма ислам дінінің ғылым мен техниканың дамуына ешқашан қарсы болмағанын, бірақ кез келген жаңалық адамзатқа пайдалы, әділ және моральдық тұрғыдан дұрыс болуы тиіс екенін атап өтті.

ҚМДБ мәліметінше, жаман ниеті жоқ және шариғатқа қайшы келмейтін барлық технологияны қолдануға рұқсат етіледі. Алайда, дипфейктің зиянды мақсатта қолданылуына алаңдаушылық білдірді.

«Жалған жаңалық тарату үшін қолданылатын дипфейкке шариғатта қатаң тыйым салынады. Мұндай фейк жаңалықтар елдің тыныштығын бұзып, қоғамда іріткі тудыруы мүмкін. Егер мұның алды алынбаса, салдары ел бірлігіне нұқсан келтіріп, қоғамға зиян тигізеді», – делінген ҚМДБ сайтында жарияланған пәтуада.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Адамзат тарихындағы жаңа кезең: 50 жылдан астам уақыттан соң астронавтар Айға аттанды

50 жылдан астам үзілістен кейін адамзат Айға қайта оралды. "Артемида-2" миссиясы аясында төрт астронавт Жер…

Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: рота командирі сот алдында жауап береді

Жамбыл облысында қаза тапқан сарбаз Еркебұлан Рүстемұлының өліміне қатысты іс сотқа жолданды. Рота командиріне салғырттық…

Маман: «Психологтарды коуч деп атау керек»

Қазақстанда психологтардың қызметін реттеуге қатысты жаңа ережелер әзірленіп жатыр. Сарапшы бұл бастамаға қатысты өз пікірін…