Categories Жайық news

Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді: күн тәртібінде қандай мәселелер бар?

Сенбі, 10 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ақорданың ресми хабарлауынша, жиында еліміздің 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары талқыланады. Сонымен қатар Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады.

Дәстүрлі жиынға премьер-министр бастаған Үкімет мүшелері, Парламент палаталарының басшылары, орталық мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың жетекшілері және барлық облыс пен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері қатысады.

Отырыс қорытындысы бойынша Президент Үкімет жұмысына баға беріп, экономикалық өсімді қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша нақты тапсырмалар жүктейді деп күтілуде.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Оралда картоп бағасы күрт төмендеді: бірден 85 теңгеге арзандады

Орал базарларында картоп бағасы 85 теңгеге түсіп, халық қуанышында шек жоқ. Бұл – үкімет басшысының…

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: 1000 ТҮП АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Орал қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды. Игілікті шараға…

БҚО-да ауыл әкімдерінің алғашқы форумы: негізгі мәселелер мен шешімдер

Батыс Қазақстан облысында ауылдық округ әкімдерінің алғашқы форумы өтіп, онда инфрақұрылым, жол және су мәселелері…