Categories Жайық news

Тоқаев: Неке – еркек пен әйелдің одағы, бірақ басқа көзқарас үшін қудалауға жол жоқ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев некені заңнамалық тұрғыда ер мен әйелдің одағы ретінде бекіту керегін, бірақ моральдық мәселелер бойынша мемлекеттік ұстанымға сәйкес келмейтін көзқарастары үшін азаматтарды қудалауға жол берілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы бұл пікірін Қызылордада өтіп жатқан V Ұлттық құрылтай отырысында білдірді. Ол қоғамда неке институтын нығайтудың маңызына тоқталды.

«Қоғамымызда неке институтын мемлекеттік мекемеде ресми түрде куәландырылған ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыдан нығайту керек. Алайда мораль мәселелері бойынша ресми мемлекеттік ұстаныммен сәйкес келмейтін сенімдері үшін қылмыстық қудалауға, моральдық кемсітушілікке мүлде жол беруге болмайды», – деді президент.

Сонымен қатар Тоқаев мемлекеттің ұстанымын «әрбір азаматтың таңдау құқығы бар, бірақ бұл таңдауды ешкім таңа алмайды» деген формуламен сипаттауға болатынын айтты. Оның сөзінше, ел барлық азаматтың құқығы мен бостандығын, абыройы мен қадір-қасиетін табанды түрде қорғайды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Оралда картоп бағасы күрт төмендеді: бірден 85 теңгеге арзандады

Орал базарларында картоп бағасы 85 теңгеге түсіп, халық қуанышында шек жоқ. Бұл – үкімет басшысының…

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: 1000 ТҮП АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Орал қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды. Игілікті шараға…

БҚО-да ауыл әкімдерінің алғашқы форумы: негізгі мәселелер мен шешімдер

Батыс Қазақстан облысында ауылдық округ әкімдерінің алғашқы форумы өтіп, онда инфрақұрылым, жол және су мәселелері…