Categories Жайық news

Көкшетауда 152 млн теңге субсидия жымқырған басшылар 6 жылдан астам мерзімге сотталды

Көкшетауда мемлекеттің 152 миллион теңгесін жымқырған екі агрокәсіпорынның басшысына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Сот «МолПродЖарқайың» АШӨК директоры мен «Рассвет» шаруа қожалығының басшысын кінәлі деп тапты. Анықталғандай, олар екі жыл бойы сүт пен ірімшік өндірісіне мемлекеттік субсидия алу үшін жалған шот-фактураларды пайдаланып келген. Іс жүзінде шаруашылықта құжатта көрсетілгендей мал басы болмаған.

Сот үкімімен екеуі де 6 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды.

Келтірілген залалды өтеу үшін сотталушылардың 6 жер телімі, 4 пәтері және 11 автокөлігі бұғатталды. Сонымен қатар ұрланған қаражатқа сатып алынған мобильді ғимарат тәркіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Астанадағы А.Байтұрсынұлы көшесі 24-27 сәуірде жабылады

Астанадағы А.Байтұрсынұлы көшесінің бір бөлігі 24-27 сәуірде көлік қозғалысы үшін жабылады.

Щучинск жарылысы: тағы екі күдікті ұсталды, құрбан саны 12-ге жетті

Ақмола облысы Щучинск қаласындағы жарылысқа қатысты тағы екі күдікті ұсталды. Құрбан саны 12-ге жетті.

Павлодарда студенттер қатарластарынан ақша бопсалап, ұсталды

Павлодарда екі студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болып, полицияға ұсталды. Оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.