Categories Жайық news

БИЛІК ПЕН ҚОҒАМ АРАСЫНДАҒЫ АШЫҚ ДИАЛОГ

Бүгін БҚО қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға аймақ басшысының орынбасарлары, өңірдегі барлық деңгейдегі қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

Төртінші сайланымдағы консультативтік-кеңесші органның 5 тұрақты комиссиясы бар. Олар бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуын қадағалау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, «заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету, әлеуметтік мәселелерді зерделеу, азаматтық қоғаммен байланысты арттыру және жастарды қолдау бағытында жұмыстанады. Барлық ауданға іссапарлар ұйымдастырылып, халық аманаты негізінде құзырлы құрылымдарға ұсыным хаттар жолданған. Осы және өзге де іс-шаралар туралы облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Бауыржан Атауовтың баяндамасында айтылды.

ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай және облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Бауыржан Ғұбайдуллин Қызылорда қаласында өткен алқалы жиында айтылған елдік мәселелерге үн қосу, азаматтық жауапкершілікті терең сезінудің маңызына тоқталды.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының түпкі мәні – азаматтардың талап-тілегіне әділ және уақытылы ден қою, мемлекет пен қоғам арасында тұрақты әрі жүйелі диалог орнату. Облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов атқарушы орган алдағы уақытта да азаматтық қоғаммен жан-жақты байланыс орнатуға дайын екенін мәлімдеп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндама жасады. Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан электр желілерін жаңғырту, мал басын асылдандыру, ауылдарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, жол-көлік апаттарын азайту мақсатында «Орал-Атырау» бағытында теміржол салу сияқты маңызды мәселелер көтерілді. Осы және өзге де сауалдарға облыс әкімінің орынбасарлары жауап берді.

Өңірдегі оң өзгерістер мен өзекті мәселелерді жан-жақты талқылаған облыстық қоғамдық кеңес мүшелері аймақ басшылығының жұмысына оң бағасын берді.

Ұқсас жазбалар

Астанада кәсіпкерден 80 млн теңге бопсалаған адвокат ұсталды

Астанада құрылыс компаниясының басшысынан 80 млн теңге бопсалаған адвокат пен оның серігі ұсталды.

Ақсу маңындағы понтон көпір қайта суға батты

Ақсу қаласының маңындағы Көктас ауылында понтон көпір қайта суға батып, төрт ауыл тұрғыны көпірсіз қалды.…

Арал-Сырдария инспекциясы «Таза су айдындары» акциясының қорытындысын шығарды

Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы аймақта өткен «Таза су айдындары» және «Уылдырық-2026» акцияларының нәтижелерін…