Categories Саясат

Қырғыз экс-шенеунігі Ниязов түрмеден шықты: Жапаров кешірім жасады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бұрынғы президент әкімшілігінің басшысы Фарид Ниязовты кешіріммен босату туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ниязов бұған дейін сыбайлас жемқорлық ісі бойынша сотталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Алайда ол жазасының бес жылын өтеп үлгерген.

«Мемлекет басшысы гуманизм қағидатын басшылыққа алып, Ниязовтың өтінішін қанағаттандырды», – делінген президент әкімшілігінің хабарламасында.

Фарид Ниязов Қырғызстанның бұрынғы президенті Сооронбай Жээнбеков тұсында әкімшілік басшысы қызметін атқарған. Оның ісі кезінде қоғамда кең резонанс тудырған.

Ұқсас жазбалар

ОҚУ ОРНЫНДА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ТАЛҚЫЛАНДЫ

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде Жаңа Конституцияны насихаттау мақсатында дөңгелек үстел өтті.

ҚХП сайлау алдындағы саяси бағытын айқындады

Жаңа Конституция күшіне енгеннен кейінгі алғашқы съезд ҚХП сайлау алдындағы саяси бағытын айқындады.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті маусымда 125 жемқорлық құқықбұзушылықты тіркеді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті маусым айында 125 сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықты тіркеді. Қылмыстық істер бойынша 67 күдікті…