Categories Қаржы

Қазақстанда ана өлімі 43%-ға төмендеді: министрлік себебін айтты

Сурет: istockphoto.com

Қазақстанда ана өлімі көрсеткіші биыл 43 пайызға кеміген. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Вице-министрдің айтуынша, мұндай нәтижеге медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен перинаталдық көмекті жақсарту арқылы қол жеткізілген.

«Ана өлімін азайту – басты басымдығымыздың бірі. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасады», – деді Сұлтанғазиев.

Мамандар босану кезіндегі қауіпті жағдайларды азайту үшін облыстарда арнайы орталықтар ашылғанын атап өтті. БҚО-да да осындай шаралар қолға алынған.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда жанармай бағасы 3-4 теңгеге қымбаттады

Қазақстанда жанармай бағасы 3-4 теңгеге өсті. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.

Қазақстанда 669 дәрі-дәрмектің бағасы төмендеді

Денсаулық сақтау министрлігі 2635 дәрілік препаратқа салыстырмалы баға талдауын жүргізіп, 669 дәрі-дәрмектің бағасы төмендегенін анықтады.

Колледждерге құжат қабылдау мерзімдері нақтыланды

Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен колледждерге құжат қабылдау мерзімдері нақтыланды. Қабылдау комиссиясы 10 маусымнан кешіктірілмей құрылады.