Жапония премьер-министрі қызметінен кетуге дайын

Жапония премьер-министрі қызметінен кетуге дайын,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Жапония премьер-министрі Сигэру Исиба отставкаға кету туралы шешім қабылдады. БАҚ мәліметінше, ол бұл қадамға билеуші Либерал-демократиялық партия ішіндегі алауыздықты ушықтырмау үшін барып отыр.

Шілдедегі сайлаудан кейін Исиба басқаратын коалиция парламенттің жоғарғы палатасында көпшілікті жоғалтқан болатын. Осыдан кейін бірқатар саясаткер премьерді қызметінен кетуге шақырды.

Сарапшылар Исибаның отставкасы елді саяси тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін деп болжайды. Бұл кезеңде Жапония АҚШ-пен сауда тарифтері жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр және Қытайдың аймақтық ықпалы артып келеді.

Ұқсас жазбалар

«Қадірлі бауырым»: Тоқаев Ердоғанмен кездесу сәтін жариялады

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесу сәтін әлеуметтік желіде жариялап, «Қадірлі бауырым» деп…

Алакөлде дрондар патрульдейді: жағалау қауіпсіздігі күшейтілді

Алакөл жағалауында жазғы маусымға дайындық қызу жүріп жатыр. Биыл өңірге 2 млн-ға жуық турист келеді…

Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен ұсталды: Абай аудандық бөлімінің қызметкері қамауда

Оралда Абай аудандық полиция бөлімінің 25 жастағы қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде кәмелетке толмаған қызды…