Жапония премьер-министрі қызметінен кетуге дайын

Жапония премьер-министрі қызметінен кетуге дайын,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Жапония премьер-министрі Сигэру Исиба отставкаға кету туралы шешім қабылдады. БАҚ мәліметінше, ол бұл қадамға билеуші Либерал-демократиялық партия ішіндегі алауыздықты ушықтырмау үшін барып отыр.

Шілдедегі сайлаудан кейін Исиба басқаратын коалиция парламенттің жоғарғы палатасында көпшілікті жоғалтқан болатын. Осыдан кейін бірқатар саясаткер премьерді қызметінен кетуге шақырды.

Сарапшылар Исибаның отставкасы елді саяси тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін деп болжайды. Бұл кезеңде Жапония АҚШ-пен сауда тарифтері жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр және Қытайдың аймақтық ықпалы артып келеді.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда ерлер саны 10 миллионға жетті: жаңа статистика

Қазақстанда ерлер саны алғаш рет 10 миллионнан асты. Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады.

Мереке күндері қандай ауа райы күтіледі: Қазгидромет болжамы

Қазгидромет алдағы мереке күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің дерегінше, елдің басым бөлігінде күн…

Швейцариялық SWISS ұшағы Алматыға шұғыл қонды: Сеул-Цюрих рейсі тоқтатылды

Швейцариялық SWISS әуе компаниясының ұшағы Сеул-Цюрих рейсінде Алматы әуежайына шұғыл қонды. Борттағылар аман.