Categories Жайық news

«Ақ бидай» ауыл спорты ойындарында БҚО құрамасы тұңғыш рет үздік үштікке енді

«Ақ бидай» ауыл спорты ойындарында БҚО құрамасы тұңғыш рет үздік үштікке енді,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Алматы облысында республикалық VIII «Ақ бидай – 2025» ауыл спорты ойындары мәресіне жетті. Оған 17 облыстан 3 мыңға жуық спортшы қатысып, он күн бойы бақ сынады.

Жалпыкомандалық есепте 498 ұпай жинаған Түркістан облысы бірінші орынды иеленсе, Алматы облысының спортшылары 428 ұпаймен екінші орынға тұрақтады. Ал Батыс Қазақстан облысы 385 ұпай жинап, өз тарихында алғаш рет үздік үштікке енді.

БҚО атынан 200-ге жуық спортшы 20 спорт түрі бойынша сынға түсті. Дәстүрлі садақ атудан батысқазақстандық мергендер командалық есепте жеңімпаз атанса, тоғызқұмалақшылар Бектас Кенжеғалиев пен Қарақат Сәлімғали алтын жүлдеге қол жеткізді. Қазақ күресінде Тайман Нұрғалиев пен Мейірім Айғали қарсылас танымай топ жарды. Шағын футболдан да облыс құрамасы үздік үштікті түйіндеді.

Басқа да спортшылар жүлделі орындар алып, команданың қоржынына маңызды ұпайлар қосты. Айта кетейік, төрт жыл бұрын өткен «Ақ бидай» ойындарында Батыс Қазақстан облысы небәрі 14-орынмен шектелген болатын.

Ұқсас жазбалар

Оралда картоп бағасы күрт төмендеді: бірден 85 теңгеге арзандады

Орал базарларында картоп бағасы 85 теңгеге түсіп, халық қуанышында шек жоқ. Бұл – үкімет басшысының…

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: 1000 ТҮП АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Орал қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды. Игілікті шараға…

БҚО-да ауыл әкімдерінің алғашқы форумы: негізгі мәселелер мен шешімдер

Батыс Қазақстан облысында ауылдық округ әкімдерінің алғашқы форумы өтіп, онда инфрақұрылым, жол және су мәселелері…