Categories Жайық news

Өңірдегі барлық білім ордасында соңғы қоңырау сыңғырлады  

«Мектебім, саған мың алғыс!». Бүгін өңірдегі барлық білім ордасында соңғы қоңырау сыңғырлады. №52 жалпы орта мектепте өткен салтанатты шараға аймақ басшысы Нариман Төреғалиев, ардагер ұстаздар, ата-аналар қатысты.

— Мектеп бітіру мерекесі — қимастық пен қуаныш сезімдері араласқан жас түлектер үшін ұмытылмас күн. Себебі, соңғы қоңыраумен бірге сіздердің өмірлеріңізде жаңа кезең басталады. Мемлекет басшысы атап өткендей, болашақ — өздеріңіз сияқты жастардың қолында. Білімді ұрпақ қана ел дамуына даңғыл жол ашады,- деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.

Аймақ басшысы Президент тапсырмасы аясында салада атқарылған іс-шараларға екпін түсірді. Кейінгі 3 жылда облыста 11 мыңнан астам орынға лайықталған 30 білім ордасы бой көтерді. Оның 9-ы Мемлекет басшысы бастамашы болған “Келешек мектептері” ұлттық жобасы аясында салынды. Бұл 11 апатты, 12 бейімделмеген, 7 үш ауысымды мектептің мәселесін шешуге едәуір ықпал етті. Бүгінде жаңадан 8 мектептің құрылысы жүріп жатыр.

Оқу жылында өңір өрендері биік белестерді бағындырды. Халықаралық олимпиадалардың қорытындысы бойынша 9 оқушы жеңімпаз атанса, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада 60 оқушы жүлделі орын иеленді. Сонымен қатар, ғылыми жобалар конкурсында 24 оқушы озық шығып, үздіктер қатарынан көрінді. Нәтижесінде облыс құрамасы «Ең үздік олимпиадалық команда» атанып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Сондай-ақ Бөкей ордасы ауданындағы Мәншүк Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Анида Ахметкереева «Үздік ауыл мектебінің оқушысы» атағын жеңіп алып, өңір мерейін үстем етті.

Салтанатты шара шәкірттер мен ұстаздардың концерттік бағдарламасымен түйінделді. Айта кетейік, биыл өңірде 8179 ұл-қыз түлек атанып отыр. Оның 437-сі «Алтын белгіге», ал 448-і «Үздік аттестатқа» үміткер.

 

 

Ұқсас жазбалар

Астанада мешітте намаз оқып тұрған ер адамның телефоны ұрланды

Астанадағы мешітте намаз оқып жатқан ер адамның iPhone 13 ұялы телефоны ұрланды. Полиция күдіктіні ұстады.

Алматы – Қорғас тасжолында жеңіл көліктер зақымданды

Алматы – Шелек – Қорғас тасжолында жүк көліктері бетон жабындысын бүлдіріп, жеңіл көліктерге зақым келтірді.…

Қостанай облысында тыңайтқыш алудың ыңғайлы тәсілі енгізілді

Қостанай облысында биыл 5 млн гектар алқапқа тұқым себу жоспарланып, 97 пайызы орындалды. «Борис Романовский»…