БҚО-да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік өтті

Батыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында кезекті тазалық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара Зачаганск кенті аумағында өтті, оған 100-ге жуық адам қатысты. Олар арасында еріктілер, студенттер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және қала тұрғындары болды.

Акцияның басты мақсаты — қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту, елді мекендерді абаттандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Іс-шараның маңыздылығын атап өткен «Жастар Рухы» жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Архат Жұбайұлы:

«Экологиялық “Таза Қазақстан” акциясы — бұл қоршаған ортаны қорғау, экологиялық сананы қалыптастыру және елді мекендерді абаттандыруға бағытталған республикалық деңгейдегі бастама. Бұл акция ел тұрғындарын табиғатты сақтауға, экологиялық мәселелерге бей-жай қарамауға шақырады», — деп атап өтті.

Акция барысында қатысушылар тек тазалық жұмыстарымен ғана шектелмей, ағаш отырғызу, гүлдер егу сияқты экологиялық жұмыстарды да атқарды. Сонымен қатар, жасалған жұмыстардың қорытындысы бойынша қалалық аумақты көгалдандыруға қатысты жоспарлар мен болашақта жүзеге асырылатын шаралар талқыланды.

Акцияны ұйымдастырушылар қалалық экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен табиғатты қорғауға қатысты ауқымды жұмыстардың жалғасатынын мәлімдеді. Оларға қала тұрғындарын экологиялық шараларға қатысуға шақыруды ұмытпағаны да айта кеткен жөн. Бұл бастама — «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының аясында өтіп жатқан іс-шаралардың бірі ғана.

Ұқсас жазбалар

«Ауыр қылмыстың көбі ішімдіктен»: Депутаттар алкоголь сату уақытын қысқартуды талап етті

Қазақстанда депутаттар дүкендерде алкоголь сатуға кешкі сағат 20:00-ден кейін тыйым салуды ұсынды. Бұл шара қылмыс…

Қазақстандық құтқарушыларға Tesla Cybertruck не үшін керек болды? Министрлік жауап берді

Төтенше жағдайлар министрлігі желіде тараған Tesla Cybertruck көлігіне қатысты ресми жауап берді. Жаңа көлік Алматы…

Ирандағы қанды қырғын: Наразылықта 20 мыңға жуық адам қаза тапқан болуы мүмкін

CBS News телеарнасының хабарлауынша, Ирандағы үкіметке қарсы наразылықтар кезінде қаза тапқандар саны 20 мың адамға…