Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
Жеделхатта Президент Асанәлі Әшімовтің театр мен кино өнеріне сіңірген өлшеусіз еңбегін атап өтіп, оның сомдаған жарқын образдары арқылы ұлттық мәдениеттің көкжиегін кеңейткенін айтты. Сондай-ақ сахна саңлағы ретінде кәсіби шеберлігімен көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, жас өнерпаздарға бағыт-бағдар бергенін ерекше атап өтті.
Мемлекет басшысы Асанәлі Әшімовтің өнегелі ғұмыры мен өнердегі жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталатынын жеткізді.

