Степногорскіде оқушылардың жеке деректері тарап кетті: кінәлілер жазаланды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Степногорск қаласының прокуратурасы кәмелетке толмаған балалардың жеке деректерін заңсыз жариялау фактілерін анықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тексеру барысында бірқатар мектептер мен білім бөлімінің интернет-ресурстарында 165 баланың жеке мәліметтері ашық қолжетімді болғаны анықталды. Жарияланған ақпарат арасында оқушылардың аты-жөні, оқу орны және әлеуметтік мәртебесі туралы деректер болған.

Олардың қатарында көпбалалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан және қорғаншылықтағы балалар да бар. Бұл мәліметтердің еркін таралуы олардың заңсыз пайдаланылу қаупін туғызған.

Прокуратураның қадағалау актісі негізінде заң бұзушылықтар жойылып, балалардың жеке деректері ашық қолжетімділіктен алынып тасталды. Жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қала прокуратурасы балалардың құқықтарын қорғау және жеке деректер туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты бақылауда екенін атап өтті.

Ұқсас жазбалар

Мемлекет басшысы Конго Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Конго Демократиялық Республикасының Президентін ұлттық мейрам – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, екіжақты ынтымақтастықтың дами…

Мемлекет басшысы Германия экономика министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федералдық экономика және энергетика министрі Катерина Райхені қабылдады. Кездесуде екіжақты…

Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесіп, мамырдағы сапар барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың екіжақты ықпалдастыққа…