Categories Жайық news

«Қазақстан – біздің стратегиялық серіктесіміз»: Пәкістан премьер-министрі Тоқаевты қабылдады

Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф Исламабадқа ресми сапармен барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдап, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға мүдделі екенін жеткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Шахбаз Шариф Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнайы уақыт бөліп келгені үшін алғыс айтып, Пәкістан үкіметі мен халқының атынан ыстық ықыласын білдірді.

– Қазақстан – біздің стратегиялық серіктесіміз. Достығымызды нығайтып, экономиканың түрлі бағыттарында, саясат, қорғаныс салаларында сенімді серіктестік орнату, сондай-ақ сауда дәліздерін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Үкіметімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істегіміз келеді. Бұған күмәніңіз болмасын, – деді Пәкістан Премьер-министрі.

Оның айтуынша, Пәкістан мен Қазақстанның сауда-экономикалық ынтымақтастықты, оның ішінде энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және цифрландыру салаларындағы әріптестікті дамытуға зор әлеуеті бар. Осыған байланысты үкімет басшысы екіжақты қарым-қатынастың барлық бағыты бойынша нақты әрі елеулі ілгерілеу қажет екеніне назар аударды.

Келіссөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф екі ел халықтарының игілігі үшін көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екендерін растады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті

Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті. ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 минутта жетіп, өртті…

Маңғыстаулық әйел балабақшада ұлының жарақат алуына байланысты әділ тергеуді талап етеді

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының тұрғыны Жанар Көмекбаева мемлекеттік балабақшада ұлының ауыр жарақат алып, мүгедек болып…

Каспий теңізінде ағыс алып кеткен екі адам құтқарылды

Каспий теңізінде демалып жүрген екі ер адамды қатты ағыс ашық теңізге қарай алып кеткен. Олар…