Categories Қаржы

Дәрігер болу оңайырақ: резидентурасыз жұмыс істеуге рұқсат беріледі

Қазақстанда медициналық білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістер болмақ. Енді медицина түлектері резидентурадан өтпей-ақ жұмыс істей алады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл өзгеріс дәрігер тапшылығын азайтуға бағытталған. Жас мамандар диплом алған соң бірден емхана немесе ауруханада жұмысқа кірісе алады. Алайда бұл барлық мамандыққа бірдей емес, тек жалпы тәжірибелік дәрігерлерге қатысты болуы мүмкін.

«Резидентура – бұл магистратура деңгейіндегі білім. Оны аяқтамаған түлектер алдымен жалпы тәжірибелік дәрігер болып жұмыс істейді, кейін мамандану мүмкіндігіне ие болады», – деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

Жаңа жүйе бойынша, жас дәрігерлер резидентураны өткен әріптестеріне қарағанда төмен жалақы алады. Бірақ олар бірнеше жыл жұмыс істеп, тәжірибе жинақтаған соң мамандану курстарынан өте алады.

Бұл бастама еліміздің шалғай аймақтарындағы дәрігер тапшылығын шешуге көмектеседі. Әсіресе Батыс Қазақстан облысында бұл мәселе өткір тұр. Жаңа ережелер алдағы оқу жылынан бастап күшіне енуі мүмкін.

Ұқсас жазбалар

6 шілдеде әлемдік нарықта мұнай бағасы төмендеді

Әлемдік нарықта эталондық мұнай сұрыптарының бағасы төмендеп, негізгі маркалар арзандады.

Қазақстан 2026 жылға дейін алма импортын шектеуді жоспарлап отыр

Қазақстан 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін алма импортына уақытша шектеу енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы…

ОПЕК+ елдері тамызда мұнай өндіруді арттыруға келісті

ОПЕК+ құрамындағы жеті мемлекет тамыз айында мұнай өндіру лимитін тәулігіне 188 мың баррельге арттыруға келісті.