Батыс Қазақстан облысында киік санын реттеу жұмысы басталды  

3 шілдеден бастап, Батыс Қазақстан облысы аумағында киік санын реттеу жұмыстары ресми түрде басталды. Бұл жұмыстар 30 қарашаға дейін жалғасады. Киік популяциясын реттеу — табиғи тепе-теңдікті сақтау, жайылым жерлерге зиян келтірмеу және ауыл шаруашылығы алқаптарын қорғау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Аталған жұмыстарға 40-қа жуық маман тартылып, 4 арнайы бригада жасақталды. Әр бригада 3 техникамен қамтамасыз етілген, жалпы саны 12 техника жұмылдырылған.

2025 жылы жүргізілген авиациялық есеп нәтижесінде Батыс Қазақстан облысы аумағында киіктердің жалпы саны 2,3 млн басқа жеткені анықталды. Ғалымдар әзірлеген биологиялық негіздемеге сәйкес, популяцияға залал келтірмей, оның тек 20 пайызына, яғни 460 мыңға дейін ғана реттеу жүргізуге болады. Яғни бұл – ғылыми-зерттеулер мен табиғи тепе-теңдікті сақтау талаптарына негізделген шектеу.

«Ауланған киік еті арнайы белгіленген ет өңдеу кәсіпорындарына жеткізіледі. Атап айтқанда, бұл өнімдерді «Кублей» ЖШС, «Жеңіс» ЖК, «Батыс-Нық» ЖШС және «Хаиров» ЖК қабылдайды. Болашақта тағы басқа ет комбинаттарының да бұл іске атсалысуы жоспарланып отыр», — деді БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Нұрлан Рахымжанов.

Мамандардың айтуынша, киік популяциясының бақылаусыз көбеюі ауыл шаруашылығы жерлеріне елеулі зиян келтіріп, экожүйеде теңгерімсіздікке әкелуі мүмкін. Сондықтан киік санын реттеу жұмыстары Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті Қаулысына сәйкес, барлық заңнамалық және экологиялық нормаларға сай жүзеге асырылуда.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Сурет авторы: @meirbektazhkuranov

Ұқсас жазбалар

Алматы облысында 16 жастағы қызды азаптаған екі әйел ұсталды

Алматы облысында 16 жастағы қызды азаптаған екі әйел ұсталды,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз. Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында…

СІМ басшысы Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны туралы ақпарат расталмады

СІМ басшысы Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны туралы ақпарат расталмады,-деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz. Әлеуметтік желілер мен бірқатар ақпарат…

Батыс басылымдары: Ши, Путин мен Ким «жаңа тәртіп» орнатпақ

Әлемдік медианың назары Қытай, Ресей және Солтүстік Корея көшбасшыларына ауып отыр. Үштік кездесуге қатысты халықаралық…