«55 мың теңге айыппұл» Зайсанда ауыл әкіміне бейәдеп сөзі үшін сот үкім шығарды

Зайсан аудандық соты ауыл әкіміне қатысты әкімшілік іс бойынша сот шешім шығарды.

Іс материалдарына сәйкес, 6 қазан күні сағат 15:00 шамасында әкім өз кабинетінде ауыл тұрғындары мен қоғамдық бірлестік өкілдерінің көзінше бейәдеп сөз айтқан болатын.

Сотта ол кінәсін мойындап, көпшілік алдында кешірім сұраған. Әкімнің әрекеті куәгерлердің айғақтарымен, бейнежазбамен және оның өз түсініктемесімен расталды.

Сот қаулысымен шенеунік «ұсақ бұзақылық» бабымен кінәлі деп танылып, 55 048 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Ұқсас жазбалар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Астана — егемен еліміздің жүрегі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана күніне арналған құттықтауында елорданы егемен еліміздің жүрегі деп атады.

Үлкен Алматы каналы кешенді реконструкциядан өтеді

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алматы облысына жұмыс сапарымен барып, ірі су шаруашылығы…

Астана күнінде 60 қосымша автобус жолаушыларға қызмет көрсетеді

6 шілде күні Астанада өтетін Open Air концертінен кейін тұрғындар мен қала қонақтары үшін 60…