Categories Саясат

ОСК Құрылтай депутаттарын сайлаудың Күнтізбелік жоспарын бекітті

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Құрылтай депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізудің негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарын бекітті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерманның айтуынша, күнтізбелік жоспардың бекітілуі сайлау науқанының ресми басталғанын білдіреді. Құжат Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес барлық сайлау рәсімдерінің кезектілігі мен мерзімдерін айқындайды.

Жоспар бойынша, саяси партиялар партиялық тізімдерін 2 шілдеден 13 шілдеге дейін сағат 18:00-ге дейін ұсына алады. Кандидаттардың заң талаптарына сәйкестігі тексерілгеннен кейін ОСК оларды тіркейді. Тіркеу 23 шілде күні сағат 18:00-ден кешіктірілмей аяқталады.

Сайлау алдындағы үгіт 2026 жылғы 23 шілде сағат 18:00-ден кейін басталып, 22 тамыз сағат 00:00-ге дейін жүргізіледі. 22 тамыз – тыныштық күні, үгіт жүргізуге тыйым салынады.

16 шілдеден кешіктірілмей сайлау учаскелерінің шекаралары мен учаскелік комиссиялардың құрамдары жарияланады. 2 тамызда жергілікті атқарушы органдар сайлаушылар тізімдерін учаскелік комиссияларға береді. 7 тамыздан бастап сайлаушылар тізімдермен танысып, деректердің дұрыстығын тексере алады.

Ұқсас жазбалар

«Әділет» партиясы III кезектен тыс Съезін өткізеді

«Әділет» партиясы III кезектен тыс Съезін өткізеді «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай партияның III кезектен…

«Respublica» партиясының съезінде жаңа Конституцияға сәйкес Жарғы бекітілді

«Respublica» партиясының съезінде делегаттар жаңа Конституцияға сәйкес Жарғыны бекітті.

«Әділет» партиясы III кезектен тыс Съезін өткізеді

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай партияның III кезектен тыс Съезін шақыру туралы қаулыға қол қойды.