Categories Қаржы

Қаржы министрі Мәди Тәкиев 2025 жылғы бюджет кірісі 21,4 трлн теңге болғанын айтты

Сурет: istockphoto.com

2025 жылы республикалық бюджеттің кірістері 21,4 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, трансферттерді есептемегенде республикалық бюджеттің меншікті кірістері 15,3 трлн теңгеге жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 1,8 трлн теңгеге артқан.

Салықтық түсімдер 2,2 трлн теңгеге немесе 17,5%-ға өсті. Жалпы өсім корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығы бойынша түсімдердің ұлғаюы, импорттың өсуі, сондай-ақ әкімшілендіру тиімділігінің артуы есебінен қамтамасыз етілді, — деді министр.

Мәди Тәкиевтің сөзінше, корпоративтік табыс салығы бойынша түсімдер 880 млрд теңгеге өсіп, 4,5 трлн теңгеге жеткен. Ал қосылған құн салығы 932,5 млрд теңгеге артып, 6,1 трлн теңгені құраған.

Министр мемлекет бизнес алдындағы міндеттемелерін орындауды жалғастырып жатқанын атап өтті. 2025 жылы бюджеттен 1 трлн 354 млрд теңге қосылған құн салығы қайтарылған. Осылайша ел қазынасына өткен жылмен салыстырғанда 138 млрд теңге артық қаражат түскен.

Ұқсас жазбалар

Volkswagen 50 мың жұмысшыны қысқарту жоспарын жүзеге асыруда

Volkswagen компаниясы 50 мың жұмыс орнын қысқарту жоспарын жүзеге асыруда. Директор Оливер Блюме компания жағдайы…

Шетелдік компанияның зауыты ашылады

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин «Valmont Industries» компаниясының вице-президенті Филипп Шмидт-Хольцманмен кездесіп, Қазақстанда суару машиналарын құрастыру…

Ұлттық банк төрағасы теңге бағамының әлсіреуіне негіз жоқ деп мәлімдеді

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңге бағамының әлсіреуіне негіз жоқ деп мәлімдеді. Ол базалық мөлшерлеменің…