Categories Қаржы

Қазақстанның жер асты байлығын ЖИ іздейтін болды

Қазақстан геология саласын цифрландыруға кірісті. Енді пайдалы қазбаларды жасанды интеллект іздейтін болады.

Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев геологиялық барлаудағы жаңа тәсілдер туралы баяндады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, жасанды интеллект геологиялық деректерді талдап, кен орындарын анықтауға көмектеседі. Бұл – уақыт пен ресурсты үнемдейтін тиімді әдіс.

«Цифрлық технологиялар геологияны жаңа деңгейге көтереді. Біздің мақсат – жер қойнауындағы байлықты тез әрі дәл табу», – деді Ерсайын Нағаспаев.

Жаңа жүйе алдымен Батыс Қазақстан аймағында сынақтан өтеді. Мұнда мұнай мен газ кен орындары көп шоғырланған.

Ұқсас жазбалар

Астана Берн одағының көктемгі отырысын қабылдап жатыр

Астанада Берн одағының көктемгі отырысы басталды. Жиынға 40-тан астам елден сақтандыру компаниялары келді.

Астанада әлемдік қаржы алыптары бас қосты: Берн одағының көктемгі отырысы басталды

Астанада Берн одағының көктемгі отырысы басталды. Әлемнің 40 елінен келген делегаттар экспорттық несиелеу мен инвестициялық…

Отандық өнімдерге артықшылық: маркетплейстерде «Қазақстанда жасалған» белгісі пайда болады

Қазақстандық маркетплейстерде енді «Қазақстанда жасалған» деген арнайы белгі пайда болады. Бұл отандық тауарларды онлайн саудада…