Categories Жайық news

Тоқаевтың Пәкістанға сапары: Екі ел арасында тарихи декларацияға қол қойылмақ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Пәкістанға барып, елдің Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен келіссөз жүргізді. Кездесу қорытындысы бойынша екі ел стратегиялық серіктестік орнату туралы тарихи декларация қабылдайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы бұл сапардың тарихи маңызы зор екенін және екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 34 жыл толуымен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар екенін атап өтті. Ол Пәкістанның Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес екенін жеткізді.

– Қазақстан Президенті ретінде Пәкістанға бірінші рет мемлекеттік сапармен келіп отырмын. Бұл сапар тарихи мәнге ие және уақыт тезінен өткен серіктестігіміздің маңызды кезеңі саналады. Мен бұған сенімдімін. Халықтарымыздың Жібек жолы арқылы және кең таралған ислам өркениеті аясында ғасырлар бойы қалыптасқан достығын жоғары бағалаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Келіссөздер барысында тараптар Стратегиялық серіктестік орнату туралы бірлескен декларацияға қол қоюға уағдаласты. Президенттің айтуынша, бұл құжат екіжақты ықпалдастыққа жаңа жол ашып, қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтереді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Исламабадқа үлкен делегациямен келгенін және сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар әзірленгенін мәлімдеді. Сонымен қатар, кездесуде көлік бағыттарын өзара ұштастыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Қазақстан Шығыс пен Батысты, Солтүстік пен Оңтүстікті жалғайтын маңызды көлік торабы екені айтылды.

Сөз соңында Мемлекет басшысы Премьер-министр Шахбаз Шарифті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды. Сондай-ақ екі елдің БҰҰ, ШЫҰ сияқты халықаралық ұйымдар аясындағы тығыз ықпалдастықты жалғастыруы маңызды екеніне тоқталды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Астанада арзан ет сатамын деп 3 млн теңге жымқырған ер адам ұсталды

Астанада криминалдық полиция 38 жастағы ер адамды ұстады, ол базарларда арзан ет сатамын деп алдап,…

Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты

Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев бастаған батысқазақстандық делегация Қытай Халық Республикасының Ляонин провинциясына жасаған жұмыс сапары…

БҚО мен Германия арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды   

Батыс Қазақстан облысы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Қалияр Айтмұхамбетов Германия Федеративтік Республикасының Алматы қаласындағы Бас…