Categories Жайық news

АҚШ вице-президенті Гренландия мәселесінде Еуропа мен Данияны сынға алды

АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Гренландияға қатысты ұстанымы үшін Еуропа мен Данияны қатты сынады. Ол бұл аймақты АҚШ пен әлем қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызы зор деп атады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Вэнстің айтуынша, Гренландия алыс қашықтықтан атылған зымыран шабуылдарын бақылау мен болдырмауда негізгі рөл атқарады. Алайда, Еуропа елдері мен Дания бұл міндетті лайықты түрде атқара алмай отыр.

«Еуропа АҚШ президентінің және бүкіл әкімшіліктің Гренландияның жаһандық қауіпсіздік үшін шешуші рөл атқаратыны жайлы уәжіне мән бермеді», — деді ол Fox News арнасына берген сұхбатында.

Сондай-ақ ол зымыраннан қорғаныс жүйесінің маңызды бөлігі осы аралға тәуелді екенін атап өтті.

«Адамдар зымыранға қарсы қорғаныс инфрақұрылымының бір бөлігі тікелей Гренландияға байланғанын түсінбей отыр», — деді Вэнс.

Айта кетейік, бұған дейін Еуропа елдерінің басшылары бірлескен мәлімдеме жасап, Гренландияны иемденуге қатысты АҚШ президенті Дональд Трамптың жоспарына қарсы тұрған Данияны қолдады.

Ұқсас жазбалар

ОБЛЫС ӘКІМІ МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУЫН ЖЕТКІЗДІ

Жеңіс күніне орай облыс әкімі Нариман Төреғалиев майдангерлердің шаңырағында болып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерекелік…

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР БАТЫРЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

Бүгін өңір тұрғындары Жеңіс алаңына жиналып, Отан үшін от кешкен батырлардың рухына тағзым етті. Мәңгілік…

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде…