Categories Жайық news

Ресей мен Беларусь көліктеріне салық өседі: Утиль алымы екі есеге қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда Ресей мен Беларусьтан әкелінетін автокөліктер үшін кәдеге жарату алымы екі есеге артуы ықтимал, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі осындай өзгерісті көздейтін бұйрық жобасын дайындады. Құжатқа сәйкес, Ресей мен Беларусьтан импортталатын жеңіл және жүк көліктеріне, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасына қатысты утиль алымының мөлшерлемесіне 2 еселік арттыру коэффициентін қолдану ұсынылып отыр.

Бұл мөлшерлемені Ресейде 2025 жылдың 1 желтоқсанынан бастап күшіне енетін тарифтермен теңестіру мақсатында жасалып отыр. Ал Қазақстанда құрастырылған көліктерге, сондай-ақ ЕАЭО-дан тыс елдерден, Армения мен Қырғызстаннан әкелінетін техникаға бұрынғы шарттар сақталады.

Ведомствоның түсіндіруінше, бұл өзгеріс ЕАЭО аясындағы өзара саудадағы төлемдер теңгерімсіздігін жойып, бағадағы айырмашылықты пайдалануға жол бермейді. Жобаның басты мақсаты – нарық қатысушылары үшін теңдей жағдай жасау және импорт пен утиль алымы саласындағы саясаттың болжамдылығын сақтау.

Бұйрық жобасы әзірге талқылау сатысында.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

8 жылу орталығы «қызыл» аймақтан шықты: Қазақстандағы жылу маусымы қалай өтті?

Қазақстанда 5 жылу электр орталығы «қызыл» аймақтан шықты. Өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша, еліміздегі сегіз…

PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

Астана тағы да әлемдік киберспорттың назарын өзіне аударады. Қалада PGL Astana 2026 халықаралық турнирі өтеді.…

Открытость и гибкость: Казахстан меняет правила игры для иностранных специалистов и инвесторов

Заместитель премьер-министра — министр культуры и информации Аида Балаева выступила с разъяснением новых подходов правительства…