2026 жылдан бастап қоныс аударушыларға тұрғын үйге 7 млн теңгеге дейін көмек беріледі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап экономикалық мобильділік сертификатының сомасы 7 миллион теңгеге дейін ұлғаяды.

Бұл көмек ішкі көші-қонға қатысушы азаматтардың тұрғын үй сатып алу шығындарын азайтуға бағытталған. Сертификат – жаңа мекенде баспана иесі болғысы келетіндерге көрсетілетін қаржылай қолдау құралы.

Бұл туралы Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрліктің түсіндіруінше, биылғы тұрғын үй нарығындағы өзгерістерге байланысты бастапқы жарна ретінде берілетін сома 1 160 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) 1 625 АЕК-ке дейін ұлғайтылмақ. Бұл – шамамен 7 млн 29 мың теңге, яғни бұрынғыдан 2,5 миллион теңгеге көп.

Экономикалық мобильділік сертификаты арқылы азаматтар ауыл-аймақта баспана сатып алуға, облыстық және аудандық деңгейдегі шағын қалаларда ипотека рәсімдеуге мүмкіндік алады.

Қоныс аударушылар қандай көмек түрлеріне үміткер бола алады?

Сертификаттан бөлек, мемлекет көшіп келушілерді қолдау үшін бірқатар жеңілдік қарастырған. Мысалы, бір реттік қоныс аудару жәрдемақысы әр отбасы мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде төленеді – бұл 2026 жылы 302 750 теңге шамасында болады.

Сондай-ақ 12 ай бойы тұрғын үй жалдау мен коммуналдық шығындарды өтеуге ай сайын 15–30 АЕК аралығында көмек ұсынылады. Оның мөлшері отбасы құрамына және жаңа өңірдегі орналасқан жеріне байланысты есептеледі.

Қайда қоныс аударуға болады және қандай жағдай жасалған?

Мемлекет тарапынан жаңа өңірге бейімделуге жағдай қарастырылған. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі сол өңірлердегі нақты еңбек нарығын ескере отырып жұмыс орындарының бар екенін растаған. 2025 жылы тамыз айының өзінде өңірде 881 бос жұмыс орны тіркелген.

Сонымен қатар, қоныс аударушыларға жұмысқа орналасу немесе кәсіпкерлікпен айналысу үшін көмек беріледі. Қажет болған жағдайда кәсіби оқыту да ұйымдастырылады.

Ұқсас жазбалар

МВД предупредило об ответственности за распространение ложной информации и провокации

 В МВД заявили о росте случаев распространения недостоверной информации и провокационных сообщений в социальных сетях…

6 миллион теңге пара: Шымкентте полицияның аудандық басшысы сотталды

Шымкентте 6 млн теңге пара алған бұрынғы полиция бастығы 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол…

Әлемді дүрліктірген Эпштейн ісі: Жаңа құжаттарда Назарбаев пен Мәсімовтың аты аталды

Америкалық миллиардер Джеффри Эпштейннің ісіне қатысты жарияланған құжаттарда Қазақстанның экс-президенті мен ҰҚК бұрынғы төрағасының есімдері…