Disney студиясының «Аңдар шаһары 2» фильмі қазақ тілінде көрерменге жол тартты

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы әлемдік премьераларды қазақ тілінде тамашалауға шақырып, дубляж саласындағы жаңа серпінді бастамаларды жалғастыруда. 26 қарашада Алматыда Disney студиясының көпшілік асыға күткен «Аңдар шаһары 2» анимациялық фильмінің қазақ тіліндегі тұсаукесері өтті. Шараға танымал тұлғалар, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, депутаттар, дубляж актерлары, блогерлер және БАҚ өкілдері қатысты.

Фильм Қазақстан кинотеатрларында 27 қарашадан бастап қазақ және орыс тілдерінде көрсетіле бастайды. Бұл – Disney студиясының биыл қазақ тіліне дубляждаған төртінші фильмі. Компания жыл сайын фильмдерінің шамамен 40 тілдегі нұсқасын әзірлейді. Ал Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының қолдауымен 2023 жылдан бері әлемдік премьералардың қазақша дубляжы жүйелі түрде жүзеге асуда.

 

2024 жылы Disney қазақ тілінде «Ойжұмбақ 2», «Моана 2», «Муфаса. Арыстан патша» фильмдерін ұсынса, биыл «Ақшақар», «Лило мен Стич» және «Элио» туындылары қазақша сөйледі.

 

Тұсаукесерге дубляж құрамының барлық мүшесі қатысты. Джуди Хоппстың қазақша дауысын актриса әрі әнші Сабира Жарасқызы, Милтон Рыcевичті Бақытжан Әлпейіс, Капитан Буйволсонды Асан Мәжит, ал Мистер Бигті Еркебұлан Дайыров дыбыстады.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы бұл оқиғаның қазақ тілінің мәдени кеңістігін кеңейтуге ықпалын ерекше атап өтті:

«Танымал туындының екінші бөлімі қазақ тілінде шығуы – біздің мәдениетімізге еніп жатқан жаңа серпіннің айқын дәлелі. Әлемдік контентті қазақша тамашалау қалыпты әрі қуанышты дәстүрге айналып келеді. Қазақ тілі Disney фильмдерінің қырыққа жуық тілінің қатарында тұр. Мұндай жобалар тіліміздің табиғи ортасын кеңейтуге зор үлес қосады», – деді ол.

Тұсаукесер фотолары:

ziganshinphoto.com/disk/26-11-2025-zveropolis_2-x6plkd

victormagdeyev.me/disk/26-11-2025-zveropolis-2-nrv9gg

Трейлер: YouTube/M5XM41RbHE4

Постерлер: Yandex Disk/7ZWBhV9D509OjQ

«Аңдар шаһары 2» анимациялық фильмінде детективтер Джуди Хоппс пен Ник Уайлд жұмбақ рептилияның ізін кеседі. Қаланың тыныштығын бұзған қылмыскерді табу үшін олар жасырын жұмыс істеуге мәжбүр болады. Оларды бұрын-соңды кездеспеген жаңа сынақтар күтіп тұр.

Ұқсас жазбалар

Мәтіннің 84 пайызы өзгерді: Жаңа Ата Заң жобасы көпшілікке жария болды

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялады. Бұл құжат азаматтардан, саяси…

Конституцияға өзгеріс: Елде арнайы мәртебелі қалалар пайда болуы мүмкін

Конституциялық комиссия елімізде Алатау сияқты қаржы саласында ерекше құқықтық режимі бар қалалар құруды ұсынды. Бұл…

Данияр Әшімбаев: «Жақсы атақ» пен сыннан қорғау лауазыммен бірге берілмейді

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев азаматтардың абыройын қорғау туралы норма шенеуніктер мен ірі бизнеске арналғанын мәлімдеді.