Астанада Euronews Academy, MDQ қоры және Maqsut Narikbaev University бірлесіп ұйымдастырған «Медиа технологиялар» курсы аяқталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Курс барысында Euronews өкілі журналистерге заманауи медиа трендтер мен техникаларды үйретті. Шеберлік сабағында бейнемазмұн дайындау, жаңалықтарды өңдеу және аудиториямен жұмыс істеу әдістері қарастырылды.
«Біз журналистерге халықаралық стандарттарға сай білім беруге тырыстық. Қатысушылардың белсенділігі көңіл қуантты», — деді Euronews Academy өкілі.
Курс соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды. Шара медиа саласындағы мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған.

