Қазақстанды қорлайтын пікір айтқан кәсіпкер сот алдында көз жасына ерік беріп,кешірім сұрады

Әлеуметтік желідегі жазбасы үшін сынға қалған 22 жастағы Алика Мұхамадиеваға қатысты сот отырысы аяқталуға жақын. Ол ел туралы дөрекі пікір білдіріп, қоғамның ашу-ызасын тудырған болатын.

Сотта айыпталушы өз әрекетіне өкініш білдіріп, кінәсін мойындады. Сондай-ақ, оның кәмелетке толмаған баласы бар екені ескерілді.

Мұхамадиеваның айтуынша, желідегі жазбасы эмоциямен жазылған және ол ешкімді қорлауды мақсат етпеген. Дегенмен, прокуратура өкілі оның сөзі қоғамдық тәртіпті бұзып, ұлттық намысқа тиетін мазмұнда болғанын атап өтті.

Бүгін кешке сот шешімі жарияланбақ.

Ұқсас жазбалар

Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің арнайы өкілін қабылдады

Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады. Тараптар…

Астанада баланы қараусыз аулаға сүйреп әкетпек болған ер адам ұсталды

Астанада 56 жастағы ер адам кәмелетке толмаған баланы қараусыз қалған аулаға сүйреп әкетпек болды деген…

Қазақстанның 16 өңірінде күн райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК 10 маусымға күн райына қатысты ескерту шығарды. Елдің 16 өңірінде жаңбыр, найзағай, бұршақ,…