Categories Жайық news

Зейнетақы 10%-ға өсті: Қазақстандықтардың шотына енді қанша теңге түседі?

Жыл басынан бері Қазақстанда зейнетақы көлемі 10 пайызға артты, соның нәтижесінде орташа төлем 157 843 теңгеге жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1 ақпандағы мәліметі бойынша, елімізде 2,5 миллионнан астам зейнеткер бар. Салыстыру үшін, өткен жылы орташа зейнетақы мөлшері 143 143 теңгені құраған болатын.

Жалпы төлем екі негізгі бөліктен тұрады: орташа ынтымақты зейнетақы – 103 931 теңге, ал орташа базалық зейнетақы – 53 912 теңге.

Базалық зейнетақы мөлшері азаматтың еңбек өтіліне тікелей байланысты. Оның ең төменгі мөлшері 35 596 теңгені (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы) құраса, ең жоғары шегі 60 005 теңгеге (ЕТКД-нің 118%-ы) дейін барады.

Мәселен, 10 жылға дейін еңбек өтілі барларға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы төленсе, 34 жылдан астам жұмыс істегендерге оның 118%-ы беріледі.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Бірегей цех жұмысын бастады  

«QazExpoCentre-Pipe» ЖШС-да мұнай мен газ өндіру ісінде таптырмайтын бөлшек – сорапты-компрессорлық муфталар шығаратын жаңа өндірістік…

Тоқаев «оқитын ұлт» қалыптастыру туралы жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді

Президент қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтап, "оқитын ұлт" қалыптастыру туралы жаңа жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді.

Аллергияға қарсы дәрілер неге әсер етпей қалады? Дәрігер басты қатені атады

Аллерголог дәрігер Арай Батырбаева антигистаминді препараттардың неліктен әсер етпей қалатынын түсіндіріп, пациенттер жиі жіберетін қатені…